Ресей «бейбітшілік» үшін өз шарттарын ұсынды

Ресей «бейбітшілік» үшін өз шарттарын жариялады және олар АҚШ ұсыныстарына қайшы келеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров бразилиялық O Globo басылымына берген сұхбатында Мәскеудің талаптарын атады:
- Киев НАТО-ға кіруден бас тартып, бейтарап және бейбіт блоктан тыс мәртебесін заңмен бекітуі тиіс.
- Қырым, «ДХР», «ЛХР», Херсон және Запорожье облыстары Ресей аумағы ретінде халықаралық деңгейде танылуы қажет.
- Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге тыйым салатын заңын жоюы тиіс.
- «Демилитаризация» және «денацификация» талаптары орындалуы керек.
- Ресейге қарсы барлық санкциялар алынып, мұздатылған активтер қайтарылуы тиіс.
- Украинада орыс тіліне, мәдениетіне және шіркеуіне қатысты шектеулерді алып тастау қажет.
- Мәскеу Запорожье АЭС-ін Вашингтон мен Киевтің бақылауына беру жөніндегі АҚШ ұсынысын қабылдамайды.
O Globo газетіне берген сұхбатында Лавров:
«Бүгінде келіссөз үстеліне отыру үшін Киев алдымен Ресеймен келіссөзге тыйымды жоюы керек. Украина НАТО-ға кірмеуі тиіс және 1990 жылғы Мемлекеттік егемендік декларациясына сәйкес бейтарап мәртебесін растауы қажет», – деді.
Сонымен қатар, Лавров Киевтегі «неонацистік режимнің» салдарын жоюды, Ресейдің жаңа аумақтарын халықаралық мойындауды және барлық міндеттемелердің заң жүзінде бекітілуін талап етті.
Министр Ресейге қарсы санкциялар мен арест ордерлерін алып тастауды, Батыстағы активтерді қайтаруды және НАТО мен ЕО тарапынан туындайтын қауіптерге қарсы сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін беруді талап ететінін айтты.
Соңғы жаңалықтар





