«Лайықты емессің»: Еркебұлан Тоқтардың алған атағы желіде дау тудырды

08.12.2025 15:48 Айсұлу Мұрат
«Лайықты емессің»: Еркебұлан Тоқтардың алған атағы желіде дау тудырды
0
88
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанып, бұл жаңалық қоғамда қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі мәртебелі атақ алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді», – деп жазды актер.

Алайда бұл жаңалықты желі қолданушылары бірдей қабылдай қойған жоқ. Көпшілік арасында актерге бұл атақ ерте берілді деген пікірлер жиі айтылуда. Кейбірі оның еңбегін таразылап, салыстыруға көшкен.

«Ертелеу беріп қойды ма деп ойлаймын. Енді босаңсып кетпей, одан да биік белестерді бағындырсын»«Шаншардағы” Уәлибекке де осындай атақ беру керек, ел алдында жүргеніне 30 жыл болды»«Лайықты емессің»«Не еңбек сіңірді, тізіп айтуға болатындай?» – деп жазды желі қолданушылары.

Осылайша, актердің алған атағы біреулер үшін қуаныш болса, енді біреулер үшін даулы тақырыпқа айналып, әлеуметтік желіде пікірталас тудырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий