Легкодимованы қатыгездікпен өлтірген сотталушылар неге түрмеге жіберілмей отыр

07.04.2026 10:10 Әсел Мұрат
Легкодимованы қатыгездікпен өлтірген сотталушылар неге түрмеге жіберілмей отыр
237
Фото: ашық дереккөз

Атырауда қатыгездікпен өлтірілген Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми түрде өтініш жолдады. Бұл туралы ол 7-арнаға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Галина Легкодимованың айтуынша, оны қызының өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың жазасын өтеу орындарына қашан жіберілетіні алаңдатады. Ақ Жайық басылымының мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де Атыраудағы тергеу изоляторында қамауда отыр. 

ҚАЖК бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, сотталғандардың заңнамада белгіленген тәртіппен жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлады.

«Аталған сотталғандар заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі. Еске сала кетейік, Яна Легкодимова шамамен бір жыл бойы хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болған. Қылмысқа күдікті ретінде екі ер адам ұсталды, олардың бірі оның жігіті болған. Сот талқылауы барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Қыздың мәйіті сегіз айлық іздестіруден кейін табылды. Қылмыстық жазаға қоса, сотталғандар материалдық шығын ретінде шамамен 2 миллион теңге, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу үшін әрқайсысы 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді», - делінген комитет жауабында.

Заңгерлердің айтуынша, демалыс күндері, мемлекеттік мерекелер немесе өзге де жағдайлар кедергі келтірмесе, сотталғандарды колонияға жіберу әдетте айына бір рет жүргізіледі. Сонымен бірге, бұл рәсім қатаң түрде жабық сипатта өтеді, ал этаптау мерзімдері туралы ақпарат тек уәкілетті тұлғалардың шектеулі тобына ғана белгілі.

Еске сала кетейік, Яна Легкодимова шамамен бір жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен. Қылмысқа күдікті ретінде екі ер адам ұсталып, олардың бірі оның жігіті болған. Қыздың мәйіті сегіз айдан кейін табылды.

Сот барысында олардың кінәсі дәлелденді.

2025 жылдың 17 қарашасында Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий