Әлем нарығында Қазақстанның азық-түлік өнімдеріне сұраныс артып келеді
775
Соңғы үш жылда Қазақстанда дайын өнімді белсенді экспорттаушылар саны 440-тан 760-қа дейін көбейді. Бүгінде қазақстандық экспорт үшін Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы сынды бірнеше басым нарықтар анықталды.
Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы Президенттің бастамасымен экспортты жеделдету бағдарламасы (акселерациясы) іске қосылғаннан кейін шетелге тауарлар мен қызметтерді жеткізетін кәсіпорындар саны айтарлықтай артқан. Сол жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы орта бизнеске де ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек. Үкіметке шикізаттық емес орта кәсіпорындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл идеядан нәтижеге дейін мақсатты түрде қолдау көрсету үшін қажет. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамытуға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
13:24
Депутаттардың күдігі рас па: Шетелден алынатын ...
17.06.2026
13:02
Павлодарда жанып жатқан үйдің терезесінен секір...
17.06.2026
13:00
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын»: Әділ...
17.06.2026
12:27
Қорғаныс вице-министрі әскердегі ұлының борышын...
17.06.2026
12:26
Алматылық қарияның өліміне себеп болған алаяқта...
17.06.2026
11:50
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралба...