"Әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу – зор бақыт": Головкин қазақстандық боксшыны жаттықтырып жүр
357
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовті жаттықтырып жүр,-деп хабарлайды politico.kz
Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі парақшасына Геннадий Головкинмен жаттығу барысынан видео жариялады. Видеодан Геннадий жақыннан жұдырықтасудың, соққы жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатқанын байқауға болады. Желі қолданушылары Головкиннің осы әрекетіне ризашылығын білдіріп пікір жазды.
"Гена сөз жоқ нағыз батыр", "Осындай әлемдегі ең мықты боксшыдан сабақ алу, ол үлкен бақыт", "Қандай әдемі көрініс, сүйсініп қарайсың ғой батырларға. Аман болыңдар", "Жолдарың ашық болсын. Алла Тағала тілеуіңді берсін, әумин", "Көріп қуанып отырмын, осылай бірлесіп қимылдасақ біз алмайтын қамал болмайды", "Керемет! GGG жолын берсін! Осылай інілерімен баға жетпес тәжірибесімен бөліссе, Қазақстаннан әлі талай чемпиондар шығады", - деп жазды оқырмандар. Айта кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсанында Алматыда өткізді. Ол Нкулулеко Мхлонгоны бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді. Геннадий Головкин ақпанда Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланған болатын. Сондай-ақ ол мамырда Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
14:13
Тоқаев жаңа Ата заңда білім саласына тұңғыш рет...
26.08.2026
14:06
Тоқаев Үкіметке мұғалімдер мәселесін үнемі наза...
26.08.2026
13:46
Жүргізушілер шағымынан соң Павлодар зауытының А...
26.08.2026
13:11
Ақтөбеде полицей күйеу баласына оқ жаудырды
26.08.2026
12:41
"Көліктің астына түсіп, "өл" деді: Айгүл Иманба...
26.08.2026
12:24
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс: айыпталу...