Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан венчурлық капитал, инвестициялық қор
471
«Қазақстан мен Әзербайжан – екі бауырлас мемлекет. Соңғы уақытта біздің өзара сапарларымыздың серпіні өте айқын, бұл біздің қарым-қатынасымыздың жаңа серпін алғанын көрсетеді», – деп келтіреді басылым Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сөзін.Сондай-ақ, басылым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары деңгейдегі үкіметаралық кеңестің отырысын тарихи оқиға деп бағалағанын хабарлады. «Бұл да – тарихи оқиға. Жаңа ғана біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығымызға, халықаралық аренадағы өзара іс-қимылымызға қатысты барлық мәселелерді жан-жақты талқылап, жалпы қорытындыға келдік. Келешегімізден сенім бар, екі елдің үкіметі қол қойылған құжаттар мен келісімдерді жүзеге асыруға кіріседі деген үміт зор», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әзербайжан-Қазақстан бірлескен инвестициялық қоры Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы қазақстандық мұнай тасымалын ынталандырады Әзербайжандық тағы бір басылым екі түркітілдес мемлекет – Әзербайжан мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа тарау ашылып жатқанын хабарлады. «Осылайша, екі ел де капиталы 300 миллион доллар болатын инвестициялық қор құруды жоспарлап отыр, ол өте маңызды жобаларды қаржыландырады. Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы қордың Орталық Азия елдері, Болгария, Венгрия, Румыния және Түркия экономикасындағы түрлі саладағы басым жобаларды да қаржыландыруды көздейтінін атап өтті. Ол қор Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әріптестікті нығайта түсетінін айтты», – деп жазды агенттік.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...