Әлемге керек уранның 40 пайызын Қазақстан шығарып отыр
577
Былтыр Дубайда өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық өзгерістер жөніндегі конференциясында 20-дан астам мемлекет 2050 жылға қарай атом энергетикасы қуатын үш есе арттыру туралы декларацияға қол қойды. Маңызды құжат атом энергетикасы бүкіл әлемде нөлдік шығарындыларға қол жеткізу үшін маңызды рөл атқаратынын растайды.
Осы орайда «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталып, компанияның алдағы жоспарымен бөлісті.
Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айындағы өз Жолдауында реттелетін сатып алуда отандық тауар көлемін ұлғайтудың және офтейк жүйесін толыққанды іске қосудың маңызын атап өткен болатын.— Атом энергетикасы электр қуатын үлкен көлемде үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болғандықтан, ол тұрақты, экологиялық таза және орнықты энергия балансына ұмтылатын елдер үшін таптырмас қуат көзі деп саналады. Қазақстан әлем бойынша энергетикалық қажеттіліктер үшін отынды қамтамасыз ете отырып, жыл сайын әлемдік уран өндірісінің шамамен 40 пайызын шығарып келеді. Бұл — әлемдегі әрбір үшінші ядролық реактор қазақстандық уранмен жұмыс істейтінін білдіреді. Әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде біз бүкіл әлем бойынша атом электр станциялары үшін уранды тұрақты және сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз, — деді М. Юсупов.
Әлемдегі тұрақсыз геосаяси және тәуекелдер жағдайында «Қазатомөнеркәсіп» табиғи уранды сенімді жеткізуші ретінде өзінің көшбасшылық орнын сақтап келе жатқанын атап өткен жөн.— «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында 2019 жылдан бастап импортты алмастыру жөніндегі жергілікті жобалау кеңсесі жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Оның қызметіне жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаларды қарау және отандық тауар өндірушілерді қолдау кіреді. Былтыр «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес және тәуелді ұйымдары жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 50 офтейк-шарт жасасты. Президент сондай-ақ минералды-шикізат базасын толықтыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл мәселе біздегі басымдықтардың бірі болып табылады. Компания жаңа кен орындарын ашуға бағытталған аумақтарды бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстарының ауқымды бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр, — деді басқарма төрағасы.
Соңғы жаңалықтар
01.05.2026
01:04
Қазақмыс Аягөзде ипподром мен балалар алаңын са...
30.04.2026
23:27
Алматыдағы қанды төбелес: 2 жасөспірім қаза тау...
30.04.2026
23:19
Іздеудегі Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ҚТЖ-ғ...
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...