Ленгірде белгісіз біреулер әйелдің үйіне басып кіріп өлімші етіп сабап кетті

24.08.2026 14:58 Қарақат АСЫЛОВА
Ленгірде белгісіз біреулер әйелдің үйіне басып кіріп өлімші етіп сабап кетті
50
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Түркістан облысының Леңгір қаласында белгісіз адамдар әйелдің үйіне терезеден кіріп, оны өлімші етіп сабап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде жәбірленушінің видеосы тарады. Кадрдан әйелдің үсті-басы қанға боялып, беті соққыдан ісіп кеткенін көруге болады. Ол көршілеріне қылмыскерлердің түнгі сағат екі шамасында терезе арқылы үйге кіргенін түсіндірген. Шабуыл жасағандар таң ата оқиға орнынан бой тасалаған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша қаскөйлер жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты. Мамандар оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.

Аталған шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді тезірек ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий