Құлсары аспанында Димаштың аты қалықтап тұр.
638
Қазақстанның әлемдік жұлдызы халықтың ортасына барып кездесіп, жағдаймен танысып қайтты. «Әншейінде Құлсарының тойынан шықпайтын әншілер қайда? Қиын күнде қасымыздан неге табылмайды деп отырған ағайын Димаштың келгеніне қуанып қалды», - дейді тұрғындар.
Осы су тасқынында газель жүк көлігінің шопырларына жаман қатты риза болдым. Өткенде Торғайдағы жігіттердің ерлігін көрдіңіздер! Осы жолы да Атыраудан Құлсарыға гуманитарлық көмек жеткізу керек болғанда Атыраудан үш газель белсеніп шықты. Бізге көк тиын төлемей-ақ
Елге керек көмекті жеткізіп, көмектесіп жіберейік деп атып шыққан осы менің қасымдағы азаматтар. Аттары Еркебұлан, Рауан, Әлішер, Бекболат.
Алдыңғы күні түнде Атыраудан Құлсарыға жолға шығып, жолда Айранкөл тұсында көпірді су шайып кетеді. Артқа қайтпаймыз, жол ыңғайланған бетте көмекті жеткіземіз деген азаматтар далада қонды. Сөйтіп Құлсарыға деген гуманитарлық көмек осы жігіттердің табандылығының арқасында түнде келіп жетті.
Айтпақшы, көптеген блогерлер осы тақырыпта хайп жасайды. Неліктен қарапайым азаматтардан қаражат жинайсыздар? Жалпы, жекелеген блогерлердің ақша жинауы қаншалықты дұрыс? Ресми қор бар, соған аударылған қаражат шынымен қажетті заттарға жұмсалады және ең бастысы бақыланады. Қарапайым адамдардың арқасында блогерлер миллиондаған ақша табады және халықтың есебінен өздеріне ұпай жинағысы келеді. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Хайп қуып аудитория жинау үшін жалған ақпарат таратудың қажеті жоқ. Пайдалы ақпаратпен, көмек орталықтарының байланыстарымен бөліскен дұрыс.
Мен апат болған аймақтарда бәрі өз орнына келеді деп сенемін! Ең басты мақсат құрбандықты болдырмай, үйлерді қайта қалпына келтіру. Жарамсыз болған үйлерді жаңадан салып беру. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Оңғар Қабден
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...