ЛУДОМАНДАР АНОНИМДІ ТҮРДЕ ЕМДЕЛУІ МҮМКІН
Алдағы уақытта мемлекеттік орталықтар құмар ойынға салынып кеткендерді анонимді түрде тегін емдеуі мүмкін. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Әділет Тұрғанбаевтың айтуынша, лудомандар мемлекет есебінен емделу үшін ресми тіркеліп, есепке тұруы міндетті. Ал көбісі жеке бас деректерін жария еткісі келмейді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі емдеу тетігіне өзгертулер енгізуді қолға алған. Егер нормативтік акті қабылданса, азаматтар анонимді негізде құмар ойын әдетінен арылуға мүмкіндік алады. Әділет Тұрғанбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитет төрағасының орынбасары: - Өткен аптада психолог және басқа да мамандармен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Денсаулық сақтау министрлігі емделу форматын өзгертпекші. Яғни, «кеңес алуға тіркелу» тетігі ензілуі мүмкін. Биыл осы нормативтік актіні қабылдаса, онда азаматтар анонимді түрде арнайы орталықтағы емін ала алады. Ондай орталықтар барлық өңірде жұмыс істеп тұр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...