«Лыпылдап депутат болуға ұмтылмаңыздар»: журналист әнші, блогерлерге үндеу жасады
Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әнші, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне өтініш жасап, саясатқа жеңіл-желпі қарамауға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында әнші, журналист, блогерлердің партия атынан депутат болуға ұмтылуын сынға алды.
«Парламент тарайды, жаңа құрылтай құрылады дейді. «Бәрі жақсы болады» деген әңгімені ести беруден жалықпаймыз… Бір өтініш бар. Әнші, журналист, блогер, квншиктер – лыпылдап жүріп, партия атынан «халық қалаулысы» болуға ұмтылмасаңыздар екен», – деді ол.
Журналисттің айтуынша, парламент – ел тағдыры шешілетін орын.
«Бұл әдемі сөйлейтін студия немесе сахна емес, ел тағдыры шешілетін жер», – деді Жылқышыбай.
Журналистің бұл пікірін желі пайдаланушылары қолдап, түрлі пікір білдірді.
Бұған дейін белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың «Ауыл» партиясының қатарына қосылғанын жазған едік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...