Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды, ажырастырып жіберу керек еді» деп айтқан

25.08.2026 19:45 Томирис САҒЫНДЫҚ
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды, ажырастырып жіберу керек еді» деп айтқан
59
Фото: jagdaikz

Жамбыл облысы Меркі ауданында көз жұмған Мадина Рашидқызының құрбысы марқұмның отбасылық өміріне қатысты тың деректі бөлісті. Айтуынша, енесі Мадияр мен Мадинаның арасына жиі түскен, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Зейнеп CMN.KZ порталына берген сұқбатында әңгімеледі.  

«Тұрмысқа шыққаннан кейін де біз араласып жүрдік. Мен оған барып, жағдайын біліп тұратынмын. Оған әрқашан өз туған сіңлімдей қарадым. Келгенімде ол қатты қуанатын еді. Мадина тұрмысқа шыққан соң жарты жыл өткенде, маған енесінің олардың қарым-қатынасына араласа бастағанын айтты. Алғашында Мадияр оған үй шаруасына көмектесіп жүрді: ыдыс жуып, тамақ дайындайтын. Ал кейін анасы: «Әйелдің шаруасына неге араласасың?» — деп айта бастаған. Келе-келе ол Мадинаға басқаша қарайтын болды. Содан соң ол бұлар үшін жеккөрінішті болып кетті», — деді Зейнеп.

Сондай-ақ құрбысы Мадинаның енесі туралы оқиғаны бөлісті.

«Мадина маған мынадай оқиғаны айтып берді: бірде олар Мадияр екеуі үстел басында ұрсысып қалады, сонда енесі тұрып: «Бұл келін біздің басымызға қайдан сор болып жабысты? Кезінде олардың ажырастырып жіберу керек еді», — депті. Мен: «Неге өйтіп айтады? Енең жақсы сияқты еді ғой?» — деп сұрадым. Мадина басқалардың алдында енесінің өзін жақсы көрсеткісі келетінін, бірақ үнемі олардың арасына килігіп жүретінін айтты», — деді Мадина Рашидқызының құрбысы.

Войдите, чтобы оставить комментарий