Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан өлімге қимайды

19.08.2026 00:02 Томирис САҒЫНДЫҚ
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан өлімге қимайды
57
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Жамбыл облысы Меркі ауданында көз жұмған 18 жастағы Мәдинаның жеңгесі Аяжан Сейілбекқызы Арынова дәл қазір отбасының күйеу балаға қатысты қандай талап қойып отырғанын мәлімдеді. Марқұмның туысының айтуынша, Мәдинаның өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Себебі өзі жүкті болған және үйден кету үшін құрбысынан ақша сұраған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұқбатынды айтты.

«Біздің талабымыз... Бұл қыз өзін-өзі өлтіретін қыз емес. Ол өмірді жақсы көретін, ерке, баласын жақсы көретін қыз. Одан бөлек, аяғы ауыр болғаннан кейін... Аяғы ауыр әйел — өзіңіз ойлаңызшы — аяғы ауыр, одан бөлек 10 айлық баласы бар әйел өлімге өзін қимайды ғой. Оны ұрып-соққан. Ұрып жатып, өліп қалғаннан кейін, өзінің күнәсін жасыру мақсатында "асып қойды" деп ойлаймыз. Жалпы, күйеу бала — бұрынғы күйеуі — сол өлтiрдi деп ойлап отырмыз. Өлтiрдi, нақты өлтiрдi. Денесінің барлығы... Иә, ұрған екен. Құрбысына жазып отырған екен: "Осылай-осылай, мен бүгін таяқ жедім, мені ұрып жіберді", — деп. Бұдан бөлек, құрбысынан бөлек, күйеуінің досына да жіберген екен: "Мадияр мені ұрып тастады", — деп. Күйеу бала жұмыс істемейді. Алып-қашпа жұмыстар екен, анадай... былай айтқанда, әмбебап қой. Сондай. Біз әділдік талап етеміз. Біз сотталғанын қалаймыз, күнәсін мойнына алғанын қалаймыз. Біздің қызымыз жердің астында жатса, ол қалай жер басып жүреді? Оның өкініш сезімі де жоқ, ешқандай өкінуі жоқ. Құрбысына жазған екен: "Ал, алып тастаңдар видеоларды, біз бәрін шештік. Ертең таңғы сағат 7:00-де жерлейтін болдық", — деген дауыстық хабарлама жіберген екен. Оны бізге айтпай жатып... Бізге айтқан жоқ сағат 07:00-де жерлейтінін. Ол хабарды енелеріміз осы үйден шығып бара жатқан кезде естідік. Сол кезде енелеріміз сразу жолға шығып кетті», — деді Аяжан Сейілбекқызы.

Ары қарай ол дәл қазір Жамбыл облысы Меркі ауданында қаралып жатқан істің Алматыға көшірілуін сұрап отыр. Мұнымен қатар, қара жамылған отбасының келіні моргте болған оқиғаны баяндады.

«Қазір іс Жамбыл облысы, Меркі ауданында тергеліп жатыр. Тергелгенде, бізге тергеуші Мадияр туралы ештеңе айтып жатқан жоқ. Біз тергеуді Алматыға ауыстырса дейміз. Сосын моргке кіретін кезде туған-туысқандары, Мадиярдың туғандары менің ата-енемді моргке кіргізбей қойған, итерген, "кірмейсің, кірмейсің" деп. Сосын ол жерде шу болған, енем кіріп кеткен мамасын алып. Сол кезде тек бетін ғана жауып қойған, жастыққа жатқызып қойған, денесі толық жабық тұр. Мамасы осыған дейін тек бетін ғана көрген. Ал енем келген кезде толық денесін ашып қараған. Содан кейін айтқан: "Мына үсті-басының бәрі көк-ала қойдай ғой, не істегенсіздер? Не істегенсіздер біздің қызымызға?" — деп. Сол кезде олар біздің туысқандарға тап бере бастаған. Өздерінің күнәсін түсініп тұрған жоқ, "кінәліміз" деп тұрған жоқ олар. Олардың айтуынша, Мәдина қораға барып асылып қалған-мыс», — деді Аяжан Арынова.

Ары қарай ол не себепті Мәдинаның күйеуінің ұрып-соққанын өз отбасына айтпай келгенін түсіндірді.

«Ол күні осы "Барни" шоколады туралы болды ғой. Сол "Барниді" баласына алып келеді. Біреуін баласына ашып береді де, екіншісін өзі бір тістеп қойған екен, күйеуі келеді. "Сен неге баланың тамағын жейсің?" — дейді. "Бір тістедім ғой", — деп айтқан екен. Сосын "қойшы" деп бере салса, артынан енесі келген екен. "Сен неге менің балама сөз қайтарасың?" — деп. Сол кезде енесіне де сөз қайтарып жіберген, өзін-өзі қорғау мақсатында. Ар жағынан күйеуі келіп: "Сен неге менің мамама сөз қайтарасың?" — деп қайта-қайта артынан келіп, итеріп, сөйлеп, қоймай барған ғой. Содан кейін ары қарай төбелес, ұрсыс болып, екеуі солай кеткен. Содан кейін құрбысына жазған екен: "Осылай-осылай, мені Барнидің үстінде ұрып тастады", — деп. Содан кейін: "Мен киімдерімді жинап жатырмын, маған ақша керек. 15 мың теңге бере тұршы", — деген. Құрбысында болмай қалыпты ол кезде. Сол сәтте переписка тоқтап, Алматы қаласында сеть болмай қалып, құрбысы жаза алмай қалыпты да, түнгі сағат 11:00-12:00-лерде хабар келіпті құрбысына: "Осылай-осылай" деп. Ал ана видеоны мамасына түстен кейін сағат 16:00-де жібереді, "мен асылайын деп жатырмын" дегендей. Күйеуі жіберіп тұр ғой оны. Құрбысына ол хабар құдағи үйінен келіпті. Жасырғысы келген шығар, мүмкін. Біз оның ештеңесін білмейміз, бізге ештеңе айтқан жоқ. Бізбен сөйлесуге де келмеді. Мәдинаны алып қашып кеткен кезде де мен ол әулетте келін болып бармын. Негізінде басында ата-анасы, мамасы алып кетпек болған екен. Бірақ біздің қызымыз жақсы көрген. Осы уақытқа дейін күйеуінің ұрған-соққанын бізге, туысқандарына, мамасына, ешкімге айтпаған, тек құрбысына айтқан. Құрбысы: "Сенің туысқандарың жоқ па?" — десе, мамасын уайымдатқысы келмеген екен. Мамасының қант диабеті ауруы бар. Мамасын уайымдатқысы келмеген», — деді келіншек.

Войдите, чтобы оставить комментарий