«Маған берді, мен алдым»: жақында атақ алған Еркебұлан Тоқтар өзін сынағандарды орнына қойды
Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жақында алған атағына қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, «Атақты неге алдың?» деп өзінен емес, оны берген адамдардан сұрау керек.
«Маған бұл атақтың не үшін берілгенін сұрап жатқандар көп. Адамдар сұрақты маған қойып жатыр. Оны маған емес, берген адамға қою керек деп ойлаймын. Маған берді, мен алдым. Бұл атақты беруді әкім шешпейді немесе халық таңдамайды. Мені халық таңдаған жоқ, бұл депутаттыққа немесе әкім болуға сайлау емес қой. Атақты халық таңдаса да алар едім, әлеуметтік желіге салсам, оқырмандарым мені қолдар еді. Мен оқырманым көп, шамамен 1,4 млн қолданушы, мені бәрі жақсы көреді. Бірақ бұл дауыс берумен шешілетін дүние емес, жоғарыдағылар осылай шешкен екен. Оның себебін мен де сұраған жоқпын, өйткені маған келіп-кетер пайдасы жоқ. Мен бұл үшін мемлекеттен ақша алмаймын ғой. Тегін емделуге болады дегенді естідім, маған ол да қажет емес, менің дәрігерлерім бар, оларға ақша төлеп қараламын», – деді ол.
Сондай-ақ ол бұл атақ ешқандай жеңілдік бермейтінін және оған ақша төленбейтінін айтты. Еркебұлан Тоқтар бұл атақтың оған берілуін үлкен жетістік деп бағалады.
Айта кетейік, актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтарға президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген болатын. Алайда желі қолданушылары арасында Еркебұлан Тоқтар бұл атаққа лайық емес деп сынағандар көп болған еді.
Соңғы жаңалықтар