Magnum дүкеніндегі күріштен мысықтың нәжісі табылды

10.01.2026 12:55 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Magnum дүкеніндегі күріштен мысықтың нәжісі табылды
0
340
Фото: видеодан скриншот

,Шымкенттегі Magnum дүкенінде санитарлық талапқа қатысты даулы жағдай тіркелді. Әлеуметтік желіде тараған видеода контейнердегі күріштің ішінде мысықтың нәжісі бар екені көрсетілген. Оқиға Володарский көшесінде орналасқан Magnum сауда нүктесінде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушысы түсірген бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырып, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар көтерілді.

Осы жағдайға байланысты Magnum компаниясы Halyqstan Telegram арнасына ресми түсініктеме берді. Компания өкілдерінің айтуынша, түнгі уақытта дүкенге тауар қабылдау кезінде тауар түсірілетін аймақ арқылы екі мысық сауда залына кіріп кеткен.

Таңертең контейнерлердің бірінің ашық қалғаны анықталған. Бейнебақылау камераларының жазбасына сәйкес, сағат 12:07-де мысық контейнердің ішіне секірген, ал бұл жайтты сатып алушы екі минуттан кейін байқаған.

«Бұзылған өнім мен контейнер дереу сөреден алынды. Дүкен ішінде санитарлық тазалау жүргізіліп, қалған тауарлар толық тексерілді. Қосымша заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Сондай-ақ мысықтарды іздеу үшін жануарларды қорғау ұйымдары тартылды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Magnum қызметкерлерінің мәлімдеуінше, мұндай жағдай бұл дүкенде алғаш рет тіркеліп отыр. Компания алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік және санитарлық бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий