Мақпал Исабекова сүйінші жаңалығын айтты
706
Әнші Мақпал Исабекова тыңдармандарына жаңа ән ұсынуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесінің айтуынша, жаңа туынды әр сөзі мен әр нотасы арқылы терең ой мен шынайы сезімді жеткізуді мақсат етеді. Ән өмірдің түрлі кезеңдерін, ішкі күйзеліс пен үмітті, жүрекке жақын сырды қамтымақ.
Желі қолданушылары Мақпалдың бұл қадамын жылы қабылдап, қолдау білдіруде. Көпшілік оның шығармашылығын сапалы әрі мағыналы деп бағалап, жаңа әннің хит боларына сенім білдірді.
«Мақпалда әрқашан сапалы әндер», «Хит болып кетсін», «Биіктерге самға, өткенді артқа таста!», «Күтеміз», «Өзге формат, сөздері өміріңізде болып жатқан оқиғаларды сипаттағандай», «Оралуыңызбен!» деген пікірлер жазылып жатыр.
Тыңдарман Мақпал Исабекованың жаңа туындысы оның шығармашылық жолындағы тағы бір маңызды белес боларына үміт артып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...