«Мән бересің ғой мына шашқа»: Абай Асылхан отбасылық видеосымен елді күлдірді

22.12.2025 09:32 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Мән бересің ғой мына шашқа»: Абай Асылхан отбасылық видеосымен елді күлдірді
0
82
Коллаж: Politico.kz

Блогер Абай Асылхан әлеуметтік желіде отбасылық жылы сәттерді көрсеткен видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді. Ол қызының қасында отырып, жақында босанатын жұбайы Жанель Макажанға дайындық жасап жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz

Кадрларда Абайдың балалары әкесінің қасынан шықпай, ерекше көңіл бөлуді қалайтыны байқалады. Болашақ анаға қолдау көрсетіп жүрген әке бейнесі көпшілікке ұнап, отбасындағы татулық пен мейірім айқын көрінеді.

Алайда желі қолданушыларының назары күтпеген жерден басқаға ауған. Көпшілік Абайдың әңгімесінен гөрі оның шаш үлгісіне көбірек көңіл бөлген.

Пікірлер арасында:


"Мән бермейін десең де, мән бересің ғой мына шашқа""Шашыңызға қарап не айтқаныңызды тыңдай алмадым""Шашыңыз роддомда жүрген сияқты", "Жаным-ау шашыңды тарап түссеңші. Сенің красавчик түріңді көріп үйреніп қалдық қой" — деген әзіл аралас жазбалар жиі кездесті.

Десе де, бұл пікірлердің барлығы жылы әзіл ретінде қабылданып, видео көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Көпшілік Абай Асылханның отбасылық өміріндегі қарапайым, шынайы әрі көңілді сәттерді жиі бөлісетінін атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий