Маңғыстау облысында сарбаз ажал құшты
Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында бүгін мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
17 ақпанда жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.
Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Соңғы жаңалықтар