Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты
Маңғыстау облысындағы Құлжан мұнай кен орнында өрт болып, оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өрт 7 тамызда «Meerbusch» ЖШС-нің мұнай қабылдау пунктінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сыйымдылығы 2 мың текше метр болатын резервуардың түбіндегі шөгінділерді тазалау кезінде цементтеу агрегатынан өрт шыққан. Сол сәтте резервуар бос болған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Маңғыстау облысының Экология департаментінің мәліметінше, алдын ала есеп бойынша айтарлықтай материалдық шығын анықталмаған. Сондай-ақ мұнайдың технологиялық жабдықтан және нысан аумағынан тыс жерге төгілуіне жол берілмеген.
Өрттің нақты себебі, келтірілген залал көлемі және оқиғаға құқықтық баға беру нысанды тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...