Маңғыстау облысында қайырымдылық мекемелері заңсыз діни сабақ өткізген
783
Маңғыстау облысының прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.
Бүгінгі ақпаратқа сай, Маңғыстау облысында 5 пансионат қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, олар Мұнайлы ауданында – 2, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында – бір-бірден болған. Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді.
Барлық мекеме бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңдылықты бұзушылық фактілері анықталды.
Бұл ретте қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған. Осылайша, балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқығы мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.
Тексеру нәтижелерімен еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.Балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың ата-аналары да әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды. Қазір прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды. Фото: pexels.com
Соңғы жаңалықтар
15.06.2026
09:35
Жетісу облысында жанжал кезінде әйел күйеуін өл...
15.06.2026
08:43
АҚШ пен Иран келісімге келді
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті