Мақпал Жүнісова өзіне сый жасаған Қызылорда әкімдігіне ризашылық білдірді
855
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қызылорда әкімдігіне өзіне көрсетілген құрметі үшін ел алдында алғыс білдірді.
Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімдігі қауын, алма, қарбыз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық! – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.Желі қолданушылары да сүйікті әншісін өз өңірлеріне шақырып жатыр. Соның ішінде Мақпал Жүнісова «Қарағандыға келсеңіз, көмір сыйлаушы едік» деген оқырман пікіріне жауап берді.
Ел жаққа барғанда бірдеңе алу үшін емес, ән айтып, көз көргендерге сәлем береміз. Алматыдан базарлық апарамын. Әкімдерді мазаламаймын. Олар келгенімді естісе, дастархан жайып күтеді. 60 жасыма концерт беріп, «Құрметті азамат» деген атақ берді. Қызылорда халқының Алматыға келіп тұрып, осындай сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым. Ауыз тиіңіз деп әкеліп бергенде, мұрным шелектей болды. Әкімдері қандай болса, халқы да сондай кең, – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
03.08.2026
20:03
Қазақстан аумағында әскери техникалар жаппай та...
03.08.2026
19:11
Сыртқы істер министрлігі Грекияда 125 жылға кес...
03.08.2026
18:37
ШҚО-да алты баланың анасын бұрынғы күйеуі бауыз...
03.08.2026
18:08
Әлихантанушы: Қазақтардың саны өзбектердікіндей...
03.08.2026
17:36
«Сарбаз төртінші қабаттан құлады»: Қонаевтағы ә...
03.08.2026
17:07
"60 жасымды түрмеде қарсы алдым": Ақтөбеде 7 жы...