«Мақпалдың да кесірі тиді»: Генерал Шабдарбаев Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ өлімі жайлы шындықты айтты

21.12.2025 14:21 Арман Ермеков Арман Ермеков
«Мақпалдың да кесірі тиді»: Генерал Шабдарбаев Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ өлімі жайлы шындықты айтты
0
492
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты тың деректермен бөлісті. Генерал марқұмның өз-өзіне қол салғанына сенбейтінін және бұл оқиғаға отбасылық жағдайлардың да жанама әсері болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz порталы kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Abay Live арнасына сұхбат берген генерал халық көкейіндегі күдікті сейілтуге тырысты. Шабдарбаевтың сөзінше, ол кезінде әнші Мақпал Жүнісовамен кездесіп, Заманбек жайлы ашық сөйлескен. Алайда марқұмның қазасын тексеруге тікелей қатыспағанын атап өтті.

"Мақпал Жүнісовамен кездестім. Екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де біраз әңгімесін айтты. Мен де Заманбек туралы жақсы айттым. Бірақ уақыт келеді деп айттым. Бірақ мен деп айтқан жоқпын, себебі оны Ішкі істер министрлігі қарады. Мен Заманбектің өлімін тексеріп, барған жоқпын. "Өз-өзін үш рет махаббат үшін атпас еді" деп айттым. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ", – деді ол.

Сұхбат барысында ол бір кездері Нұрқаділов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың өте жақын болғанын еске алды. Генералдың айтуынша, Назарбаев Заманбекке сенім білдіріп, "жақсылығыңды ұмытпаймын" деген. Сол сенімге иланған Нұрқаділов кейін жеке өмірінде де, мінез-құлқында да өзгерістерге барған.

"Алдында екеуі (Назарбаев пен Нұрқаділов – еск.) қатты дос болды. ... Мына кісі (Назарбаев – еск.) Заманбекке "сенің жақсылығыңды ұмытпаймын" дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа "мынаны бүйту керек, сүйту керек" деді. Сонда марқұм Терещенко екеуі (Терещенко мен Нұрқаділов – еск.) сөзге келіп қалыпты. "Мені телефоннан Заманбек боқтады" деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке "неге боқтайсың" деді. Сонда Заманбек "мен боқтаған жоқпын" депті. Сөйтіп бұл (Назарбаев – еск.) Терещенко жағын қолдады да, Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. "Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды" деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін", – деді генерал. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий