Марқұм фельдшер Ұлдананың күйеуі сегіз айдан соң қайта үйленді (ВИДЕО)

30.07.2026 16:47 Қарақат АСЫЛОВА
Марқұм фельдшер Ұлдананың күйеуі сегіз айдан соң қайта үйленді (ВИДЕО)
1993
Фото: Бейнеден кадр

Астанада қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Зейнел Әділет әйелінің өлімінен 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жаңалық мерейтой өткен мейрамхананың әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбаларынан белгілі болды. Жаңа келіннің қыз ұзату жоралғысы 29 шілде күні Тараздағы мейрамханада өткен.

Еске сала кетейік, елордалық «Даналық» медициналық колледжінің үздік түлегі әрі Байқоңыр ауданындағы жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың 8 қарашасында шақырту кезінде ауыр жарақат алған еді. Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінен кірпіш қаптамасы құлаған сәтте 23 жастағы маман құлау қаупі жоғары аймақтан 2 адамды аман алып қалған. Алайда келесі тұрғынға көмектесуге ұмтылған кезде оның үстіне ауыр кондиционер құлап, жас фельдшер басынан зақым алды.

Дәрігерлер оның өмірі үшін 10 күн бойы күрескеніне қарамастан, ол 18 қараша күні ауруханада қайтыс болды. Дәл сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлдана Мырзуан қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі үшін өлімінен кейін мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар марқұмның есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында өзі туып-өскен Түркістан облысы Жетісай ауданы Үтіртөбе ауылындағы амбулаторияға мемориалдық тақта орнатылған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий