"Масқара". Тоқаев насыбайға құмарлар туралы айтты
576
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев насыбай атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді
"Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасасалатыны белгілі.
Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған.
Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Қазір – 21 ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллекті қарқынды дамыған заман.
Ал біздің азаматтарымыз аузына насыбай салып, қақырып түкіріп жүреді. Бұл не деген масқара.
Осы жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде бұл барып тұрған мәдениетсіздік.
Оны тоқтату керек. Жалпы насыбай өндіріп, таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен. Қазір осыған қатысты заңдарға түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Онда вейп қана емес, насыбай таратқан үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
Бұл қадам насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...