Мәсімов, Бишімбаев, Мұхамедиұлы амнистияға ілігеді ме?
Қазақстанда амнистия кімдерге қолданылмайды?
Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан журналистердің Кәрім Мәсімов, Қуандық Бишімбаев және Арыстанбек Мұхамедиұлы амнистияға ілігуі мүмкін бе деген сұрағына жауап берді.
"Амнистия нақты тұлғаларға емес, жалпы санаттарға қатысты қабылданады. Біз мұнда нақты есімдерді атай алмаймыз," – деді депутат.
Депутат Амнистияға жатпайтын қылмыстық істерді атап өтті:
- Коррупциялық қылмыстар – 624 сотталған
- Терроризм – 294 сотталған
- Экстремизм – 96 сотталған
- Азаптау – 48 сотталған
Сонымен қатар, амнистия рецидивистерге және ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қолданылмайды.
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия туралы заң қабылданды. Ол негізінен әлеуметтік осал топтарға және жеңіл қылмыс жасағандарға қатысты болады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...