Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына іздеу жарияланды

14.04.2026 15:48 Арман Ермеков
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына іздеу жарияланды
627
Коллаж Politico.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» басшылығында болған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласын қыруар қаржы жымқырды деген күдікпен халықаралық іздеуге жариялап, сырттай қамауға алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Азамат Капенов «ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамының вице-президенті қызметінде жүргенде жүк вагондарын басқару кезінде өзіне қатысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Осы әрекеттің салдарынан мемлекеттік мекемеге 5,2 млрд теңгеден астам шығын келген. Қазіргі уақытта агенттік қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және ақша жымқыру деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сот шешімімен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды тәркілеу туралы сотқа өтініш түсірген. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен бұл мүлік мемлекет кірісіне өткізіліп, қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

1978 жылы Қырғызстанда туған Азамат Капенов бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы Тамилла Кәрімнің күйеуі ретінде танымал.

Бұған дейін 2024 жылдың тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуге беріп, ол туралы ақпарат айтқан адамға сыйақы тағайындаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий