Мәсімовтің қылмыстан жалтарған күйеу баласын тапқан адамға сыйақы беріледі
921
Антикор ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің тұңғыш қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы жұбайы Азамат Кәпенов туралы ақпарат берген адамға сыйақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады politico.kz.
Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Антикор департаменті 1978 жылғы Қырғызстан тумасы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Абайұлы Кәпеновті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатыр. Қазір оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Егер сіз іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы білсеңіз немесе оның ықтимал мекенжайы туралы мәліметтеріңіз болса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне (мекенжайы: Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 2) мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:Сыйақы және ақпарат иесін құпия ұстауға кепілдік берілген. orda.kz-тің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлық агенттігінің Кәпеновке іздеу салуы «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін. Бұған дейін Анатолий Балушкин өз бизнесін жоюға қатысқандардың бірі деп Кәрім Мәсімовті атаса, Азамат Кәпеновті келіссөз жүргізуші деп айтқан болатын. Фото: qamqor.gov.kz
- кезекші бөлім: 8 (7232) 29-88-88;
- іздестіру тобының ұялы телефоны: 8-708-908-92-79;
- электронды пошта: kb.vko@antikor.gov.kz, - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
00:35
Марқұм фельдшер Ұлдананың анасы күйеу баласының...
30.07.2026
23:13
КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Энергетика мини...
30.07.2026
22:00
Маңғыстауда көпбалалы отбасы жантүршігерлік жол...
30.07.2026
21:34
«Туды атқа жабу ретінде пайдаланды». Адвокат бл...
30.07.2026
21:15
Продюсер: Бұрын қыздар тобы бай "ағашкалар" үші...
30.07.2026
20:59
Өскемен әкімінің үстінен сотқа арыз түсті