«Маскалар шешілді, сахна тазарады»: танымал әнші фонограммамен ән айтатындарға шүйлікті
Қазақстандық әнші Ерлан Көкеев жақында ғана қабылданған концерттерде фонограммаға тыйым салатын заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында фонограмма бұл алдау екенін және нағыз талантты көрсетпейтінін айтты.
«Фонограммаға тыйым салды.
Құттықтаймын. Маскалар шешілді.Енді бәрі қарапайым болады: не шынайы дауыспен ән айтасың, не сен өнер иесі емессің, тек декорация үшін микрофон ұстап тұрған адамсың. Мен 1985 жылдан бері сахнадамын. 40 жыл. Фанерасыз. Қорғанусыз. «Бүгін формамда емеспін» демеймін. Өйткені сахна — фотосессия емес, емтихан.
Фонограмма бұл – қорқыныш, бос кеңістік, алдау және көріністі талант деп көрсету әрекеті. Енді бұл цирк ресми түрде жабылды.
Көрермен иллюзия үшін ақша төлеуге міндетті емес.
Көрермен флешкадағы жазбаны емес, тірі дауысты естуге құқылы.Бұл заң — тыйым емес. Бұл заң — кәсіби жарамдылықты тексеру.
Енді:
кім — музыкант,
ал кім — жай ғана солай көрінуге үйреніп қалғаны анық болады.
Сахна тазарады», - деп жазды ол.
Айта кетері, Қазақстанда концерттерде фонограммаға ресми түрде тыйым салынды.
Соңғы жаңалықтар