Мәскеуде болған жарылыс ДНР басшысын көздеді деген күдік бар
Мәскеудегі жарылыста ДНР батальонының негізін қалаушы жараланды
Мәскеудегі "Алые паруса" тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Mash арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл қастандық әрекеті ДНР бокс федерациясының басшысы және "Арбат" батальонының негізін қалаушы Армен Саркисянға бағытталған.

46 жастағы Саркисян ауыр жарақат алып, реанимацияға жеткізілді. Сондай-ақ оның қорғаушысы Олег Касперович те ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Касперович "Миротворец" базасында тіркелген және оған бұған дейін де қауіп төнгені белгілі.
Жарылыс қуаты шамамен 300-400 грамм тротил эквивалентінде болған. Оқиға кезінде холлда болған бірнеше адам жарақат алған. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...