Майқайыңда жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған әйелге сот үкімі шықты

19.09.2026 10:44 Қарақат АСЫЛОВА
Майқайыңда жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған әйелге сот үкімі шықты
382

Майқайың кентінде жедел жәрдем қызметкеріне балағат сөз айтып, оның жұмысына кедергі келтірген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 5 қыркүйекте болған. Сол күні жедел жәрдем бригадасы өзін жайсыз сезінген науқасқа көмек көрсету үшін шақырту бойынша барған. Медициналық қызметкерлер науқасты тексеріп жатқан кезде, олардың жанында болған әйел фельдшерге балағат сөздер айтып, медициналық тексеру жүргізуге кедергі келтірген.

Медициналық қызметкер болған жағдайды қызметтік бейнетұғырына түсіріп алған. Кейін бұл жазба сотта негізгі дәлелдердің бірі ретінде ұсынылған.

Сот әйелді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған. Аталған бап медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға құрметсіздік танытқаны үшін жауапкершілікті қарастырады.

Сот шешімімен әйелге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 129 750 теңге айыппұл салынған.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, сот шешімі 17 қыркүйекте шығарылған. Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий