Майра Мұхамедқызы: Театрда қысымға ұшырадым

Майра Мұхамедқызы: Театрда қысымға ұшырадым
28.04.2025 16:38
0
115

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы жұмыс барысында түрлі қиындықтарға тап болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол бұл жайында «Хабар» арнасында көрсетілетін «Алғашқы» бағдарламасында бөлісті. Майра Мұхамедқызы театрға алғаш келген сәтінде ұжым тарапынан қысым көргенін жасырмады.

«Театрға бара салысымен алдымнан 40 жігіт шықты. “Бізден соққы жемей тұрып, қысым көрмей тұрып, ақырындап кетіп қалыңыз. Біз сізді сыйлаймыз, бірақ жаңа басшының келгенін қаламаймыз” деді. Мен оларға: “Айналайындар, мен сендерден қорықпаймын. Бұл өмірде бәрін көрдім. Сіздердің жағдайларыңызды жақсарту үшін келдім” дедім», — деді ол.

Әнші әрі театр директоры қиындықтарға қарамастан жұмысты жалғастырып, ұжымдағы ахуалды жақсартқанын жеткізді. Оның айтуынша, театрда тәртіп пен заңдылық бұзылып, салаға қатысы жоқ адамдар жұмыс істеген. Майра Мұхамедқызы басшылық еткен төрт жылда 160 адамды жұмыстан босатқан.

«Кадр бөліміндегі маман маған: “Майра ханым, болды енді, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой”, — деді. Басында маман таппай қаламыз ба деп қорықтым. Бірақ аз айлыққа қарамай, әлемдік тәжірибе алғымыз келеді деп жаңа мамандар келді», — дейді Майра Мұхамедқызы.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий