«Меккеге жолдама бергенше, үй бер»: Блогер қазақтың байларын Алагөзовтен үлгі алуға шақырды

«Меккеге жолдама бергенше, үй бер»: Блогер қазақтың байларын Алагөзовтен үлгі алуға шақырды
28.05.2025 14:11
0
1202
Коллаж: politico.kz

Танымал журналист әрі блогер Мөлдір Анарбаева қарамағындағы қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін табыстаған Тұрсын Алагөзовті жер-көкке сыйғызбай әбден мақтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол тіпті қазақтың басқа байларын Алагөзовтен үлгі алуға шақырды.

«Тұрсын Алагөзовтың бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыз жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, «Ойбай мен пәтер беремін» демей-ақ, жайлап барып, шақырып алып, «мәңдер» деп бере салды. Міне, нағыз жігіт! Құдай-ау, жүз бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін! Сол арқылы рахат тапқан оны айт, PR да жасамай, басқа да жасамай. Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі. Ол тек қана жақсылық жасады, жарайсың!», — деді блогер әлеуметтік желіде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий