Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады
Сеулде мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Жасыл өсу жаһандық институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы дамып келе жатқан елдердің әлеуметтік тұрақтылықты, климаттың өзгеруіне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жасыл өсу моделіне өтуін қолдауға бағытталған GGGI қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, жаһандық климаттық күн тәртібі шеңберінде одан әрі ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ тараптар БҰҰ-ны реформалау және оны заманауи шындықтарға бейімдеу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
17:16
Астанада әзілкешке сахнадағы сөзі үшін айыппұл ...
07.11.2026
16:35
Бас дәрігерлердің білімі сынға түсті: 47 медици...
07.11.2026
16:16
«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңна...
07.11.2026
15:31
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Г...
07.11.2026
15:30
Өскеменде өрттен кейін үйінді астынан әйелдің м...
07.11.2026
14:32
ҚазҰУ-дың студенттік қалашығында бірінші курс с...