Мемлекет қайраткері, Сенаттың экс-депутаты Жақай Нұрғалиев өмірден озды

12.01.2026 11:17 Арман Ермеков Арман Ермеков
Мемлекет қайраткері, Сенаттың экс-депутаты Жақай Нұрғалиев өмірден озды
0
250

Қазақстанның мемлекет қайраткері, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты және Павлодар облысы әкімінің экс-орынбасары Жақай Жұбайұлы Нұрғалиев 77 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Politico.kz

Марқұмның туыстары қаралы хабарды растап, қоштасу рәсімінің уақытын жариялады.

«11 қантарда 2026 жылы Әулетіміздің бәйтерегі, ардақты әкеміз Жақай Жұбайұлы дүниеден өтті», – деп хабарлады Нұрғалиевтар әулеті.

Жақай Жұбайұлы 1948 жылы 17 наурызда Павлодар қаласында туған. Еңбек жолында өңірлік және республикалық деңгейдегі маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. 1998 жылдан бастап Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі болды. 2000 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі Павлодар облыстық басқармасын басқарды. Кейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

Саяси мансабында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының IV шақырылым депутаты болып сайланды. Сенат қабырғасында Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде заң шығару процесіне атсалысты.

Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін бірнеше жоғары наградаға ие болды. 2008 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы үздік қызметі үшін» (1984), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) және «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарының иегері.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий