Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дамир Рахымбеков қамауға алынды

19.11.2025 16:38 Арман Ермеков
Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дамир Рахымбеков қамауға алынды
0
377
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Дамир Рахымбековке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымды тұлғаның қылмыстық істің фигуранты болып табылатынын және оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды «Орал апталығы» басылымы.

Дамир Рахымбеков Маратұлы ұзақ уақыт бойы аталған департаментте экспорттық бақылау бөлімін басқарған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шенеунік қараша айының басында Астанаға қызметтік іссапармен барған кезде ұсталып, кейін қамауға алынған.

Күдіктіге лауазымдық өкілеттігін пайдаланып, пара алды деп болжам жасалуда. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұстау кезінде одан ауқымды қаражат – 100 миллион теңгеге жуық қолма-қол ақша табылған.

Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер Рахымбековті белгілі кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің есімімен байланыстырады.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Гаджиевті «Қорғас» арқылы Ресей Федерациясына тауарларды заңсыз өткізудің контрабандалық схемаларына қамқорлық жасаған тұлға ретінде атаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий