Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жемқорлыққа цифрлық теңге арқылы тосқауыл қойылмақ
Жобаның алғашқы қорытындысы 15 қараша Қаржыгерлер күнінде жарияланады,-деп хабарлайды politico.kz
Мұны да Тимур Сүлейменов айтты.
«Достық-Мойынты» теміржол жобасына бөлінген қаражатты smart-келісімшарт базасында қағаз ақшамен емес, цифрлық теңгемен аудардық. Қазір бұл жұмыс істеп тұр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бөлінген субсидия қағаз ақша күйінде емес, цифрлық теңге күйінде түседі деп отырмыз. Бұл субсидияны кім алғанын, қалай жұмсап жатқанын, өтінімге сай жұмсап жатыр ма, әлде алдап кетті ме, бәрін көруге болады. Қаржы министрлігімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен жақсы интеграциямыз бар. Жалпы жоба сәтті шықса, мемлекеттік сатып алу, құрылыс сияқты салаларды ашық етудегі аса маңызды кезең болатын түрі бар. Қаржыгерлер күнінде осы жобаның алғашқы қорытындысын жария етеміз. Сарапшыларға да, барша жұртқа қызық болады деп ойлаймын», — деді Сүлейменов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...