«Мен бай адаммын»: Димаш Құдайберген неге iPhone 12-сін ауыстырмай жүргенін айтты

24.09.2025 17:42 Нақыпбек Фатима
«Мен бай адаммын»: Димаш Құдайберген неге iPhone 12-сін ауыстырмай жүргенін айтты
0
970
Фото instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген «Бизнес под капотом» YouTube-арнасына үлкен сұхбат берді. Әңгіме барысында ол ақшаға, атаққа деген көзқарасын айтып, «Борат» фильмінің авторы Саша Барон Коэнмен байланыс орнатуға талпынысы туралы оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Журналист Айдос Жұмағұлов әлемдік танымалдылығына қарамастан, әртістің бес жыл бұрын шыққан iPhone 12 телефонын қолданып жүргенін атап өтті. Бұған Димаш жай ғана жымиып:

«Мен бай адаммын, өйткені менің отбасым, туған-туысым және тәуелсіз елім бар. Бір данышпаннан ақшасы жайлы сұрағанда, ол осылай айтқан екен. Мен ақша тапсам да, бірақ мен үшін олардың құны аса биік емес. Әрине, қаржы бәріне керек, алайда оған деген махаббат алақаннан жүрекке өтіп кетсе, ол адамның тұтас болмысын жаулап, санасын улауы мүмкін».

Әнші «Борат» фильміне байланысты оқиғаға да арнайы тоқталды. Ол Саша Барон Коэнмен кездесуді ұйымдастыруға тырысқанын, бірақ оны «ешқандай назарға лайық емес адам» деп санайтынын айтты.

«Ол тұтас халықты – аналарымызды, бауырларымызды, әпке-қарындастарымызды және балаларымызды қорлады. Бір сәтте шетелдегі барлық байланыстарымды пайдаланғым келді, тіпті менеджерім арқылы да оған шығуға тырыстым. Ер-азаматша сөйлескім келді», – деді Құдайберген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий