“Мен біреуді өлтіремін, не өзім өлемін”: Берденов өзін атқан адамның артын ашты

“Мен біреуді өлтіремін, не өзім өлемін”: Берденов өзін атқан адамның артын ашты
18.08.2025 12:16
0
272
Фото: gov.kz

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сот отырысына жәбірленуші Руслан Берденов онлайн түрде қатысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz-ке сілтеп. 

Руслан Берденов айыпталушы Ернар Жиембаймен жақын таныс емес екенін айтты. 

«Жиембайды бұған дейін үш рет көрдім. Кездесулерде екі рет және оқ атқан күні үшінші рет көруім», деді ол. 

Берденов Жиембайды кеңсесіне шақырып, есеп сұраған. Бірақ айыпталушының қолында ешқандай құжаттар болмаған. Ол кеңседе әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевпен жанжалдасып кетеді. Сонда Берденов Ернар Жиембайға «Мынау түріңмен сенімен жұмыс істесе алмаймыз» деген. Жиембай «Керек болса шыға саламын» депті. 

Берденовтың айтуынша, бір аптадан кейін Жиембай әкімдік инспекторы Асанбай Ахментаевқа қоңырау шалып, қорқытқан екен. Ол әкімдік инспекторына «Мен біреуді өлтіремін, не өзім өлемін» деген. 

Ахментаев Жиембай мас болғанындықтан сөздеріне аса мән бермеген көрінеді. 

Айыпталушы мен жәбірленушінің алғашқы кездесуінде киімге қатысты да дау туған. 

«Киім үлгісіне қатысты әңгіме болды. Өйткені ол джинси киген екен. Сендер этикет сақтамайсыңдар ма? Сендерге киім үлгісіне қарамай ма? Осылай айтып, бір ескерту жасадым», – деді Берденов. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий