«Мен – дәрігермін»: Министр ұшақта есінен танып қалған бойжеткенді аман алып қалды (ВИДЕО)

27.11.2025 11:38 Әсел Мұрат
«Мен – дәрігермін»: Министр ұшақта есінен танып қалған бойжеткенді аман алып қалды (ВИДЕО)
0
175
Фото: видеодан скрин

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта есінен танып қалған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушысы ұшақта болған оқиға туралы жазып, видеосын қоса жариялады.

«КС 622 рейсі. Астана-Алматы. Таңғы уақыт. Ұшақ ұшу жолағына қарай бағыт алған. Көзім ілініп кетіпті. Бір уақытта үрейлі дауыс шықты. «Стюардесса! Стюардесса! Қыз баланың жағдайы нашарлап кетті. Дәрігер керек!» деді. Дәл осы уақытта бір әйел келіп, есін жиюға көмектесті, қан қысымын тексерді, ол көтеріліп кетіпті. Стюардессалар ары-бері жүгіріп, майлық, пакет (қыз баланың жүрегі айнып, құсқысы келді) алып келді», – деп жазды желі қолданушысы.

Ол көмек көрсеткен әйелдің кім екенін кейін ғана білген.

«Стюардесса көмек көрсеткен әйел адамнан кім екенін, дәрігер ме, әлде бірге ұшып бара жатқан серіктесі ме екенін сұрады. Қан қысымын өлшеп, пакетін ауыстырған әйел адам ақырын ғана «мен – дәрігермін» деп жұмысын ары қарай жалғастырды. Дәрі, шай, су беріп, есін жинаған соң Алматыға дейін ұша алатыны сұрады. Қыз «иә» деген соң ғана ары қарай ұшуға дайындалдық. Ал көмек көрсеткен дәрігер денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова екен», – деп жазды желі қолданушысы.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий