«Менің арым таза»: Жамбылда сарбаздың жағын сындырды деп айыпталған сержант күтпеген мәлімдеме жасады

18.02.2026 19:36 Қарақат АСЫЛОВА
«Менің арым таза»: Жамбылда сарбаздың жағын сындырды деп айыпталған сержант күтпеген мәлімдеме жасады
257
«Маған жала жабылып жатыр» Жамбылдағы даулы оқиғаға сержант жауап берді

Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында сарбаздың жағы сынғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Алғашында әлеуметтік желілерде үш сержант бір сарбазды ұрып-соғып, жағын сындырып, оны үйде қамап ұстады деген мәлімет тараған болатын,деп хабарлайды Politico.kz.

Алайда кейін оқиғаның мән-жайы өзгергені белгілі болды. Жаңа деректерге сәйкес, жанжал екі сарбаздың өзара төбелесі салдарынан туындаған. Яғни, ешқандай сержанттың қатысы болмағаны айтылуда.

Әлеуметтік желіде аты аталған сержант Айдын Сайланұлы видеоүндеу жасап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Бала кезден арманым әскери адам болу еді. Сол мақсатыма жетіп, әскери оқуға түсіп, осы жолды таңдадым. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде сарбаздың жағын сындырды деген айыппен мені және басқа сержанттарды кінәлап жатыр. Мені темірмен ұрды деп айыптауда, бірақ мұның барлығы – жалған ақпарат. Бұл жерде екі сарбаздың арасында болған оқиға. Қатардағы жауынгердің айтуынша, жағдай кешкі 17:00 шамасында болған. Ал мен сол күні сағат 10:00-де кезекшілікті тапсырып, үйге қайттым. Мұны бейнебақылау камералары арқылы дәлелдей аламын. Менің арым таза. Маған жала жабылып жатыр. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Әділ шешім қабылданатынына сенемін», – деді ол.

 

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ресми қорытынды жарияланған жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий