Ақтөбеде 8 сынып оқушысы мопедпен ауыр жол апатына түсті

18.02.2026 18:20 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбеде 8 сынып оқушысы мопедпен ауыр жол апатына түсті
97
Фото: zakon.kz
Ата-аналарға ескерту жасалды

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Мұстафа Шоқай көшесінде болған,деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8-сынып оқушысы тізгіндеген мопед жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мопедтің мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағанын анықтады. Сонымен қатар, жүргізуші жасының кішілігіне байланысты көлік басқаруға құқық беретін куәлікке ие болмаған. Қатысқан көліктер арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.Ақтөбе облыстық полиция департаменті ата-аналарға үндеу жасап, кәмелетке толмаған балалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуді және бақылауды күшейтуді сұрады.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес мопедтер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Ал мопед басқаруға 16 жастан бастап, «A1» санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий