«Менің ұлтым – өзбек»: Ақжол Мейірбековтің 50 жыл отасқан әйелі сұхбат берді
Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының солисі, әнші, марқұм Ақжол Мейірбековтің әйелі Шәрипа Мейірбекова 50 жыл отасқан күйеуінің өмірінің соңғы сәттері туралы айтты.
Үш жыл бұрын Ақжолға дәрігерлер тері ауруының қатерлі ісігі деген диагноз қойды. Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды. Бірақ ол мойымады. Медицина қызметкерлеріне сеніп, шетелге де бармады. Өмірінің соңына дейін ән айтып кетті. Ештеңеден қорыққан жоқ. Дәрігерлердің айтқанын істеді. Ауруханаға жатып, ісікті емдеді. Оны алдырып тастады. Үш жыл үзбей химиятерапия алды. Алланың жазғаны болады деп сендірді. Соңғы кезде қатты шаршап, әлсіреп қалғанда тағы ауруханаға жатты. Сол кезде-ақ дәрігерлер үйге шығарды. «Мұсылманша жөнелткен дұрыс. Мына жақта сойып тастайды» деді. Үйге екі күн ғана қонып, аттанып кетті. Бәрі тез болды. Өзіміз де не болғанын ұқпай қалдық. Бір күні «Маған ризасың ба?» деп сұрадым, «Саған қалай риза болмайын?» деді. Сол сөзінен кейін ертеңіне жүріп кетті, – деді марқұмның зайыбы.Осы орайда ол әншімен алғаш танысқан сәтін есіне алды.
Менің ұлтым – өзбек. Ол кезде қазақ пен қазақ қана үйленетін. Бірақ Ақжол соны бұзып, менің әкемнің алдынан өтуге барды. Бірақ әкем «біздің әулетте қазаққа тиген ешкім жоқ» деп қайтарып жіберді. Содан ол кісі анасын алып келіп, құда түсті. Бірақ әкем келіскен жоқ. Сол кезде марқұм енем «Онда алып қашамыз. Осы қыздан басқа ешкімді келін қылмаймын» депті. Ол кезде менің жасым 18-де еді. 50 жыл отбасылық өмірдің ыстық-суығын бірге көрдік, – деді Шәрипа Мейірбекова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
11:45
«Құрылысты келесі жылы бастау қажет»: президент...
28.10.2026
11:44
«Келешек ұрпаққа тек ақша қалдыру жеткіліксіз»:...
28.10.2026
11:40
«Дамыған логистика болмаса, тіпті күшті ел ерте...
28.10.2026
11:39
Тоқаев Үкіметке ірі қалалардың даму жоспарын жа...
28.10.2026
11:37
Ұлттық қордан ел игілігіне 6,5 трлн теңге бағыт...
28.10.2026
11:34
Тоқаев Қазақстанның барлық аймағында жаппай құр...