«Менің жетінші жүктілігім»: Жұлдыз Әбдукәрімова өзі туралы ашық айтты

«Менің жетінші жүктілігім»: Жұлдыз Әбдукәрімова өзі туралы ашық айтты
05.06.2025 17:49
0
331
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ актрисасы, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова жуырда көпшілік алдында дөңгелене бастаған ішін көрсетіп, әлеуметтік желіде шынайы сырын ақтарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Бұл – менің жетінші жүктілігім. Мен мұны алғашында білмедім де, сезбедім де. Ағзам оны қабылдап, осы процесті атқарып жатқанын да байқамадым. Әрине, бұл – сол кезеңде менде көптеген қиындық болғандықтан, қалыпты жағдай. Бұл жағдайға бүкіл ел куә болды.

Бұдан бөлек, көпшілік білмейтін жеке мәселелерім де болды... Шынымен абыржып жүрдім. Күйзелісте болдым», – деп жазды Жұлдыз.

Актриса өзімен болған бұл оқиғаны дер кезінде келген кереметке балап отыр.

«Ішімде соғып жатқан кішкентай жүрек менің бүкіл мәселемді шешіп бергендей. Өйткені өмірімде өзім күтпеген үлкен өзгерістер басталды. Бәрі бір қызықты фильмнің сценариі сияқты», – деп жалғастырды ол.

Жұлдыз бұл сәбиді Жаратушының ең ғажайып сыйы деп атады.

«Құттықтап, жылы тілектеріңізді айтып жатқан баршаңызға рахмет! Балалы болуды армандап жүргендердің де тілегі орындалсын», – деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий