Мейрамбек Беспаев та марапат алды
1650
«Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.
Бүгін 22 мамыр күні Алматыда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік марапат алған мәдениет саласының қызметкерлері наградталды.
Мемлекеттік марапаттарды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
«Сүйінші, ҚАЗАҚ ЕЛІ! Мейрамбек досым «Парасат» орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым!», - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Бұған дейін әнші Ақбота Керімбекова да «Парасат» орденімен марапатталғанын жазған едік. Ал күні кеше әнші Дастан Оразбеков президенттің қолынан «Құрмет» орденін алған болатын.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады