Мейрамбектен кейін Сәкен мен Кенжебек те марапат алды
Музарт тобының әншілері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов те президент атынан марапат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сәкен Майғазиев «Парасат» орденіне, Кенжебек Жанәбілов «Құрмет» орденіне ие болды.Оларға марапат Алматы қаласының әкімдігінде табысталды.
«Марапат кезінде біз қалада болмай қалдық… Әкімшілік шақырып, бүгін арнайы марапатты ұсынды. Негізі Мейрамбек бәріміз бір күнде алуымыз керек еді. Алайда ештен кеш жақсы. Мың рақмет! Құттықтауларыңызды қабыл аламыз. 25 жыл бойы үздіксіз, үзіліссіз талмайғ тынбай қазақтың идеологиясына, мәдениетіне, руханиятына қызмет жасаған Музарт тобына көңіл бөліп жатқанына рақмет айтамыз. Аман болыңыздар», – деді Сәкен Майғазиев.
Бұған дейін Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...