Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді

28.09.2026 • 22:56 Қанат АЙБАР
Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді
140

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Спортшының еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар. Әлемдік рейтингтің көшбасшысы — АҚШ өкілі Илья Малинин (4590 ұпай). Ал үздік үштікті 4123 ұпай жинаған жапондық Юма Кагияма түйіндеп тұр.

Бұл — Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Братиславада өткен ISU Challenger Memorial Ondrej Nepela сериясындағы турнирдің қола жүлдегері атанған болатын. Бұл жарыс ол үшін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық дода болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий