"Мінез көрсетіп жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді таңғалдырды
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, әр перзентін сипаттап берді. Сөзінше, соңғы кезде үлкен ұлы Нарұл мінез көрсетіп жүр.
Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының мінезіндегі өзгерістері туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Қайрат Нұртастың келіншегі үлкен ұлы Нарұлдың әпкесіне үйге достарын шақыруға рұқсат бермей қойғанын жеткізді. "Мына жігіт мінез көрсетіп жүр. Жексенбі Алау достарын үйге шақыруға рұқсат сұраған. Нарұл бірден тізім талап етті. "Тек құрбыларыңа ғана рұқсат. Ұлдарды кіргізе алмаймын. Себебі мен үйде болмаймын" деп кесіп айтты. Алау бұлқан-талқан болып, маған қайта-қайта жалтақтады. Менен үн шықпағасын, інісінің талабына көнуден басқа шарасы қалмады", - деп жазды актриса.
Оған қоса өнер иесі қызы Сезім мен кенжесі Хан туралы да айтты.
"Сезім – бөлек әлем. Айтатын әңгімесі тым ауқымды. Мысалы, кеше сені не мазалайды деп сұрағанда, жауабы былай болды: "Еліміздегі жасөспірімдер өлімінің статистикасы қорқынышты", "Балаларға арналған контент жоқ. Бәсеке жоқ", "ЖОО-ның беретін білімі сапалы болуы керек әрі студенттерге жағдай жасалғаны жөн" деді. Ал Ханның даналығы да, балалығы да мөлшермен болғаны ұнайды", - деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...