МИНИСТР: ҮЕҰ – МЕМЛЕКЕТТІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін бүгінгі Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтады. Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері! Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады, – деп жазды Аида Балаева өз құттықтауында. Қазір елімізде ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау. Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал. Азаматтарға инвестиция сала отырып, біз әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс және кәсіби белсенділік тілеймін! – деді министр өз құттықтауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...