Министр Назарбаев мектептеріне «шабуыл жасамау керек» екенін ескертті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев мектептерінен қателік іздемеуге шақырды.
Назарбаев мектептері – озық тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіне өзінің тиісті үлесін қосып отыр. Сондықтан түрлі қателікті іздеу арқылы шабуыл жасап, ондай мектептердің жұмысына кедергі келтірмеу керек деп ойлаймын, - деді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ ол биыл жексенбіге түсіп тұрса да мектептерде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылатынын айтты. Сонымен қатар сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақының көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Қазір сынып жетекшілеріне 10 мың теңге төленеді. Журналистер «Бұл сома қайта қаралуы мүмкін бе?» деп сұраған-ды.
Бұл – жалақы емес, тек қосымша ақы. Мен де бұл сома қайта қаралуы қажет деп санаймын. Біз осы бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Оны қайта қараймыз, - деді Ғани Бейсембаев.Оның ойынша, сынып жетекшілігі үшін қосымша 20 мың теңге төленуі қажет. Фото: liter.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...