"Айтпаймын!": Министр Нұржігітов ең дәмді су қай өңірде екенін айтпады
Су министрінің бір ауыз сөзі желіде қызу талқылануда
Министр Нұржан Нұржігітов журналистке қандай су ішетінін айтпай қалды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен журналист арасындағы қысқа, бірақ шымыр диалог әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Әңгіме барысында министрдің жауаптары Тарантино фильмдеріндегі диалогтарды еске түсірді.
— Қазақстандықтар үшін краннан аққан суды ішу қауіпсіз бе?
— Орталықтандырылған су жүйесі бар жерде — иә, қауіпсіз.
— Ал өзіңіз шикі суды ішесіз бе?
— Аймақтарға шыққанда әрдайым ішем. Кейде маған: «Қай жерде су дәмдірек?» - деп сұрақ қояды. Жауап беру үшін өзім ішіп көрем.
— Ендеше, қай өңірдің суы ең дәмді?
— Айтпаймын!.
Министрдің бұл қысқа жауабы қоғамда түрлі пікір тудырды. Бірі оны ашықтықтың белгісі десе, енді бірі — жауапкершіліктен жалтару деп бағалауда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...